Қысқа сөзге сыйған терең мағына: Нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Танымал

Ел аузында

Жақында оқырман қауымға автор Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жол тартты. Еңбек, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын арқау еткен кітап қоғамдағы маңызды мәселелерге ойлы көзқарас қалыптастыруды мақсат етеді.

Жинаққа автордың әр жылдары жазған қанатты сөздері мен өмірлік тұжырымдары енгізілген.

Қысқа да нұсқа жазылған нақыл сөздердің әрқайсысы терең мағынаға ие. Олар адамды еңбекқор болуға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және адал өмір сүруге үндейді.

Кітаптағы «Бақытты өмір сүру үшін – адал қызмет жасау маңызды» деген ой бүгінгі қоғам үшін аса өзекті. Автордың пайымдауынша, адамның шынайы бақыты тек материалдық жетістікпен өлшенбейді. Ол ең алдымен адал еңбекпен, қоғамға пайдалы болумен және өз міндетін абыроймен атқарумен байланысты.

Сондай-ақ жинақтағы «Нәтиже еңбек жасалғанда ғана болады» деген нақыл сөз еңбектің өмірдегі шешуші рөлін айқындай түседі. Бұл сөздер мақсатқа жетудің төте жолы жоқ екенін, әрбір табыстың артында қажырлы еңбек пен табандылық жататынын еске салады.

Автордың жаңа кітабы жастарға ғана емес, барлық буын оқырмандарына арналған. Өйткені онда көтерілген мәселелер кез келген адамға ортақ. Жинақтағы нақыл сөздер күнделікті өмірде бағыт-бағдар беріп, адамды жақсы қасиеттерге жетелейтін рухани азық бола алады.

Динара Бердімұраттың бұл еңбегі оқырманды ойландыруымен, өмірдің мәні мен еңбектің қадірін ұғындыруымен құнды.

Еңбек пен адалдықты басты құндылық ретінде дәріптеген жаңа жинақ ұлттық руханият қорын толықтырған тағылымды туындылардың бірі болмақ.

Динара Бердімұрат – бірнеше кітаптың авторы, Қоғам қайраткері, Балаларды қорғау қорының директоры. Қ.Р Президентінің “Бірлік” Алтын медалінің иегері, Ұлт Жанашыры, бірнеше Мемлекеттік Энциклопедиялардың авторы. Балаларға арналған оқулықтардың ұйымдастырушысы, қоғамдық бастамалардың ұйытқысы болып жүрген белсенді тұлға. Ол түрлі әлеуметтік жобаларға қатысып, қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп келеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Совминкада жаңа медициналық ғимараттар бой көтереді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі аумағында жаңа медициналық ғимараттарды кезең-кезеңімен салу арқылы ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында...