АЛМАТЫДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ ЖАҢА СЕРПІН АЛАДЫ

Танымал

Ел аузында

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтына жұмыс сапарымен барып, филиалдың қызметімен танысты.

Кездесу барысында Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты директорының міндетін атқарушы Ержан Мелдебеков ұйымның атқарған жұмыстары мен педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының орындалу нәтижелері туралы баяндады. Ашық форматта өткен пікір алмасуда қызметкерлер мен тренерлер педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

Жұмыс сапары аясында Басқарма төрағасы институттың материалдық-техникалық базасын, оқу аудиторияларының жабдықталуын және цифрлық білім беру инфрақұрылымын аралап көрді.

Алматыдағы 44 510 педагогтің 85 пайыздан астамы біліктілікті арттыру курстарымен қамтылған. Жиында жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу, педагогтерді аттестаттау, әдістемелік сүйемелдеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Ғалымжан Алматов кездесу барысында филиалдың кадрлық әлеуетін одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Ол қызметкерлердің магистратура мен докторантурада білім алу үлесін арттыруды, профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін жүйелі түрде жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар еңбек нарығының сұранысына сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту және KPI көрсеткіштері бойынша жұмысты жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Басқарма төрағасы білім беру жүйесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды кеңінен қолданудың өзектілігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметтерін уақтылы жаңарту мен комиссия жұмысына тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды.

Жұмыс сапары аясында Ғалымжан Алматов Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының жаңа директоры қызметіне Маржан Ғалимжанованы таныстырып, ұжымға алдағы жұмысына табыс тіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Археологиялық зерттеу – тарихи жаңғырудың негізі

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған баспасөз турында музей-қорықтың жаңа туристік бағытына енгізілген тарихи-мәдени нысандар көпшілікке таныстырылды. Іс-шараға бұқаралық...