Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

27 C
Nur-Sultan
26.7 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Алматы тұрғынынан жалпы құны миллионға жуықтайтын жалған доллар тәркіленді – видео

Танымал

Ел аузында

Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген

 Алматыда былтыр қыркүйекте ұсталған жалған ақша жасаушы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде ұсталған. Ол жалған 93 мың АҚШ доллары купюраларын өткізбек болғанда қолға түсті.

«Тергеу мәліметі бойынша Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген», – делінген ақпаратта.

Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді.

Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға мұқият болып, жалған банкнотты тапқан жағдайда дереу агенттікке + 7 (7172) 708 478 сенім телефоны немесе әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы хабарласуды сұрады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...