Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Қазақстан вакцинация паспортын мойындайтын елдердің тізімі жаңарды

Танымал

Ел аузында

ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатта Қазақстан аумағында вакцинация паспорты жарамды 20 мемлекеттің тізімі берілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың қолы қойылған құжат Бас санитар дәрігердің осыған дейінгі №48 қаулысына қосымша ретінде берілген.

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгісі бойынша Аргентинада, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғызстанда, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Арменияда, Беларусьта, Молдовада, Перуде, Сан-Маринода, Сербияда, Тунисте, Үндістанда, Филиппинде, Таиландта, Түркияда және Эстонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», – деп жазылған құжатта.

Қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...