Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26.4 C
Nur-Sultan
26.5 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі

Вакцинацияланған барлық жасөспірімдер ересектер сияқты вакцинация паспортын алады.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы брифинг барысында Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Ата-анасы балаға екпе салудан бас тартса, онда баласын Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген денсаулықты қорғау құқығынан айырғаны. Айта кетейін, вакцинацияланған барлық жасөспірімдер ересектер сияқты вакцинация паспортын алады»,-деді Жандарбек Бекшин.

Cондай-ақ, оның айтуынша, балаларға вакцина салғаннан кейін оларда «жасыл, «көк», қызыл» мәртебесі болатыны туралы әзірге ешқандай тапсырма келіп түспеген.

«Қазіргі таңда балалар және жасөспірімдерден сенбі, жексенбі күні басқа мекемелерге кірген кезде «жасыл» мәртебесі сұралмайды. Екпе мәселесі ерікті түрде өтіп жатыр. Бұл мәселе бойынша ешқандай қосымша тапсырма түскен жоқ», – деді ол.

Айта кетейік, бүгіннен бастап жасөспірімдерге екпе салу басталды. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиеваның дерегінше, мегаполисте 12-17 жас аралығындағы 1 619 бала екпе алуға дайын.

«12-17 жастағы 1 619 баланың вакцина алғысы келді. Егер жасөспірім ата-анасының келісімінсіз вакцинацияға келсе, медицина қызметкерлері олармен хабарласып, келісімін сұрайды. Тізімдер бар, педагогтар бізге көмектеседі», – деді дәрігер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...