Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Ерке әйел, бақытты жар болдым – Роза Рымбаева

Роза Рымбаева алғаш рет марқұм ата-енесі туралы айтты.

Танымал

Ел аузында

Жолдасын еске алып, өзінің ең бақытты шағына оралды. Ерке әйел, бақытты жар болдым дейді халық әртісі. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Таңшолпан” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Халық әртісі өзінің өмірдегі ең бақытты шағым ана атанған шағым дейді. 

“Менің ең бақытты шағым ана атаған кезім. Өзімді мүлде басқаша бақытты сезінген едім. Мен жалпы өз өміріме ризамын. Себебі, керемет жерге келін болдым. Текті отбасына келін болдым. Текті азаматтың жары болдым. Жолдасымның демеуімен халық әртісі атандым. Ата-енем өте текті адамдар. Ол адамның қанында болады екен. Марқұм жолдасыма солардан дарыған. Әлидің де бойында сол қасиет бар. Мен ерке әйел болдым. Мені еркелетіп ұстады. Алакөлге барып еркелеп, демалып қайтушы едік. Ата-енем марқұм болып кетті”, – деді Роза Қуанышқызы. 

Айтуынша, келініне келін деп емес, қызым деп қарайды. Келіні мен балаларына қарап бақытты екенін мойындайды.

“Келін-баламның мінезіне, жүріс-тұрысына қарап өзімді бақытты сезінемін. Төртеуміз отыра қалсақ, өнер, музыка туралы сөйлесеміз. Ортақ әңгімеміз бар. Келініме қызым деп айтамын. Өзім де сондай келін болғанмын”, – дейді әнші

Халық әртісі бәрін қарапайым өмірмен бастады. Алдымен жатақханада, кейін мемлекет берген үйге көшкен. 

“Мен де жатақханада тұрдым. Туа сала үлде мен бүлдеге оранған жоқпын. Кейін Димаш Ахметов атамыз халық әртісі атағын алған соң маған 1 бөлмелі үй берді. Сол үйде тұрдық. Одан кейін 3 бөлмелі үй берілді. Сол үйде тұрып жатырмын. Менің өнерім, өмірім, балаларымның өмірі, өзімнің өмірім халықтың көз алдында өтіп жатыр. Марқұм жолдасыма жар болғаным үшін, халық әртісі болғаным үшін, балаларымның ер жеткен шағын көргенім үшін өзімді ең бақытты адам санаймын. Адам бақытты қолдан жасайды. Адамның бақытты болуы өз қолында”, – деді Роза ханым. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...