Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Шортандыдағы жарылыс: Қаза тапқандардың туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді

Танымал

Ел аузында

Ақмола облысына қарасты Шортанды ауылында болған жарылыстан бір отбасынан 3 адам қаза болды. Қаза тапқандардың жақындары оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды “Астана” арнасы.

Жарылыс 350 шаршы метр аумақты алып кеткен. Салдарынан бір үйден 3 адам қыршынынан қиылды, оның бірі бар болғаны 4 жастағы қыз бала. Оқыс жағдай кезінде бұл үйде қонақтар болған. Үй иесі барлығы өзімнің балаларым мен немерелерім  деп көз жасын тыя алмады. Қария бір түнде 2 келіні мен 4 жастағы немересінен айырылып қалды.

“Олар менің балаларым, немерелерім. Өзімнің отауым бөлек, олардың отауы бөлек. Жүгіріп үйге келсем, мына жер өртенген, балалар шала күйген. Бір қарасам, жедел жәрдемнің ішінде жатырмын, есімнен танып қалыппын. Есімді жинап жатсам, балалардың сүйегін бір-бірден әкеп, мына үйдің іргесіне қойып жатыр екен. Үш баламның да сүйегін көрдім”, – дейді Шортанды ауылының тұрғыны Нұрымбай Тоқтарұлы. 

Жарылыстың дауысын ести сала, көршілері де бірден көмекке жеткен. Айтуларынша сол күні ауылда су болмаған. Өрт сөндірушілер келгенше үйде барын шелекпен тасып, сөндіруге тырыстық дейді.

“Өрт сөндірушілер жарты сағаттан кейін келді. Су жоқ деп кетіп қалды. Екіншісі келіп, су қатып қалды деді”, – деді ауыл тұрғыны Үкімет Бағлан. 

Куәгерлер өрт сөндіру көлігіндегі судың қатып қалғанын айтады.

“Жүгіріп, артқы терезеге барсам, балалар жылап тұр екен. Балаларды терезеден лақтырып шығардық. Оларды үйге апардым. Қайтып келсем, өрт сөндіру көлігі келген, бірақ су қатып қалған. Өрт сөндіру көлігі 15 минуттай тұрды мына жерде. Кешігіп қалды. Су болса, ана кісілер күймеуші еді”, – дейді куәгерлердің бірі Кәби Қуаныш.

“Өрт сөндіру көлігінде су болмай қалды. Соған қатты өкінеміз. Өрт сөндіру көлігі дайын болуы керек қой. Солярка жоқ, адамдар итеріп шығарып жатыр. Бұл деген сұмдық нәрсе ғой”, – дейді тағы бір тұрғын Кәккей Жолдас.

Оқиғаның куәгерлері болған жайтты осылай жеткізді. Ал облыстық төтенше жағдай департаменті бұны бірден жоққа шығарды.

“Ондай болу мүмкін емес. Өйткені біздің өрт сөндірушілер күн демей, түн демей, ауа райына қарамай, дереу шығады. Біз толы дизель отынымен, толы мөлшерде сумен әрқашан өрт сөндіруге, кез келген төтенше  жағдайдың алдын алуға дайынбыз”, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов.

Айта кетейік, Ақмола облысында газ баллоны жарылысы нәтижесінде үш адамның мерт болғаны жөнінде 17 қараша күні таңертең белгілі болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт...