Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

«Күдіктенуге ешбір себеп жоқ»: Премьер-министр Қазақстан экономикасы жайлы айтты

Танымал

Ел аузында

Премьер-министр Асқар Мамин ел экономикасы қалпына келіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Экономикамыздың қалпына келіп жатқанын барлық қаржы институты мойындап отыр. Былтыр бірде-бір рейтинг агенттігі біздің кредиттік рейтингімізді төмендеткен жоқ, керісінше, кейбір көрсеткіштер бойынша көтерді. Күні кеше мен Халықаралық валюта қорының миссиясымен кездестім. Олар биыл экономикамыз 3,8 процентке өседі деп болжап отыр. Жалпы, басқа халықаралық қаржы институттарының болжамына сәйкес, осы жылы экономикалық өсім 3,8-4 проценттің маңайында болады. Ал келесі жылы 4,5 процентке дейін барады», – деді Мамин сенаттың жалпы отырысында.

Премьер-министр биыл он айдың ішінде ел экономикасында 3,5 проценттік өсім тіркелгенгенін айтты. Негізгі драйверлер – өңдеу өнеркәсібі, құрылыс саласы мен шетелдік инвестициялар. 

«Биыл өңделген тауарлардың экспорты 25,5 процентке өсті. Бұл дегеніміз, сыртта біздің тауарларымызға сұраныс артты. Жалпы, осы жылы экспорт 20 процентке өсті. Сауда-саттық көлемі де ұлғайып отыр. Демек оң динамика бар. Оған экономиканың нақты секторы ықпал етіп отыр», –  деді үкімет басшысы. 

Осы орайда үкімет басшысы экономиканың дамуына халықты вакциналау қарқыны да тікелей әсер етіп отырғанын да ерекшелеп айтты. Бүгінде вакцинаның екі дозасын халықтың 70 проценті алды. Осының арқасында адамдар жұмысқа шығып, экономикалық белсенділік арта түсті.

«Сол себепті келесі жылы экономикалық өсімге қол жеткізу жағынан күдіктенуге ешбір себеп жоқ. Оны биылғы жылдың көрсеткіштері де растап отыр», – дейді Мамин.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...