Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Тараздағы дауыл салдарынан екі бала ауыр жарақат алды

Танымал

Ел аузында

17 қараша күні Таразда секундына 38 метр жылдамдықпен жел соқты. Медициналық мекемелерге 28 адам жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Олардың 24-і алғашқы медициналық көмек алып, үйлеріне жіберілді. 4 адам ауруханада емделуде (ауырлығы орташа жарақаттар). Екі бала (2009 және 2010 жылдары туған) ауруханада емделуде», – делінген хабарламада.

Қала бойынша 19 көп қабатты тұрғын үй мен 17 мектептің 50-200 шаршы метр шатыры, 4 балабақшаның 50-300 шаршы метр шатыры бүлінген. Облыс орталығының көшелерінде 18 электр бағанасы құлап, 1,5 км электр беру желілері үзілді.

Жылу жеткізетін бес шағын қазандықтағы электр желілерінің зақымдалуына байланысты жылу бөлу уақытша тоқтатылды.https://t.me/stankznews/2068?embed=1

Қатты жел 45-тен астам үлкен ағашты, 12 аялдама мен 32 бағдаршамды құлатты. Қала көшелерінде 34 билборд, 9 жарнамалық пилон және 64 жалауша бүлінген. Сонымен қатар, Тастақ, кірпіш зауыты, Қызыл-Абад, Көлтоған массивтеріндегі, Желтоқсан-Қонаев көшелерінің қиылысындағы, Әйтеке би көшесіндегі №11 үйдің жанындағы 6 спорт алаңының қоршаулары мен жабындары зақымдалған.

Қауіпсіздік мақсатында барлық білім беру мекемелерінің оқушылары 17 қараша күні сағат 10-нан бастап үйлеріне жіберілді, оқу процесі онлайн режимде өтті. 

Электр желілерін қалпына келтіруге Тараз қалалық электр желісінің 21 бригадасы мен «ЖЭО» ЖШС тартылған, сондай-ақ іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің 6 бригадасы құлаған ағаштарды кесуге және аумақты тазалауға жұмылдырылды.

Медиа орталықта облыс орталығының газ желілері зақымдалмағанын, газ беру үздіксіз жүргізілетінін атап өтті. Барлық коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстағы барлық бағыттар бойынша жолдар ашық екенін хабарлады. Бұған дейін хабарланғандай, 17 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты Күйік – Қарабастау – Қаратау – Жаңатас (66-140 км), Алматы – Термез – Ташкент (534-596 км), Жамбыл облысының шекарасы – Құмкент – Шолаққорған – Ашысай – КХ – 190 (39-75 км) жол учаскесіндегі қозғалыс жабылды.https://t.me/vtvs_taraz/2871?embed=1

Айта кетсек, Жамбыл облысында болған қатты дауыл салдарынан 49 адам медициналық көмекке жүгінген. 

«Тараз қалалық көп бейінді ауруханасына – 41 адам түрлі жарақаттармен жүгінген. 4-і – стационарға жатқызылды. Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына – 4 бала түскен, оның 3 -і стацинарға жатқызылған. 1 бала амбулаторлы түрде ем қабылдауда.

Медициналық көмекке жүгіндердің басым көпшілігі – терезе, қақпа құлағаннан болған бас, аяқ, қол және басқа да сынық жарақаттарын алған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...