Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

«Шенеунік ақшасын қайда жасырса да іздейтін боламыз» – Антикор басшысы

Танымал

Ел аузында

Оның сөзінше, сотталған лауазымды шешеуніктің заңсыз жолмен тапқан қаржысын толық қайтару қолға алынады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов жемқорлар қаражатты қайда жасырса да іздейтінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

– Айталық, елімізге бірнеше миллиард теңге шығын әкелген бір жемқорды қолға түсірдік делік. Ол кінәсін мойындап сотталады. Айыппұл төлейді немесе жазаның басқа түрін алады. Осымен қылмыстық процесс аяқталып, үкімді орындау ғана жүреді. Ал бүгінгі қаржылық тергеу институтының ерекшелігі – бұл параллель институт. Оның аясында аталған лауазымды тұлғаға қатысты айыптау аяқталмайды. Қаржылық тергеу жүргізіледі. Ол ақшасын қайда жасырса да іздейтін боламыз. Яғни, мәселе барлық ұрланған қаражатты қайтару болып отыр, – дейді Марат Ахметжанов үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн кездесуде.

Оның сөзінше, сотталған лауазымды шешеуніктің заңсыз жолмен тапқан қаржысын толық қайтару қолға алынады.

– Мұның барлығы қаржылық тергеу аясында жүргізіледі. Қаражатты ұрлау сызбасы анықталады. Оның алдын алу тиімділігі болады, – дейді Ахметжанов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...