Қазақстанда халықты қайта вакциналау басталды

Танымал

Ел аузында

Елімізде бүгін, 22 қарашада халықты қайта вакциналау басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ревакциналау екі кезеңнен тұрады. Бұған дейін вакцинаның екі компонентін  салғызғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бірінші кезекте қайта вакциналаудан медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ ішкі істер құрылымдарының қызметкерлері өтеді. 

Биыл ревакцинациядан 60 жастан асқандар мен денесінде антидене қалыптаспаған  адамдар өтеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ревакцинацияның бірінші кезеңінде миллионға жуық қазақстандықты, екіншісінде 6 миллионнан астам тұрғынды вакциналау жоспарлануда.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанға Pfizer вакцинасының жаңа партиясы жеткізілгені айтылған еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Донорство органов в Алматинской области: три донорских процесса — надежда для десятков людей

В Алматинской области продолжается информационно-разъяснительная работа о значении посмертного донорства органов и трансплантологии. В регионе в последние годы систематизируется...