Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.6 C
Nur-Sultan
18.5 C
Almaty
22.7 C
Shymkent

Жаттықтырушының жалақысы 600 000 доллар: «Қайрат» ресми мәлімдеме жасады

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік желіде «Қайрат» футбол клубы жаттықтырушысының жылдық жалақысы 600 000 доллар деген ақпарат тараған болатын. Бұл жағдайдан кейін «Қайрат» ресми мәлімдеме жасап, ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде және БАҚ беттерінде Құрбан Бердыевті «Қазақстандағы премьер лигасындағы ең қымбат жаттықтырушы» деп атаған болатын.

«Қайрат» аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және маманның жалақысы жайлы мәліметті еңбек келісіміне сәйкес жариялай алмайтынын ресми түрде мәлімдейді», – деп жазды клубтың Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, «Қайрат» Қазақстан премьер лигасында 2021 жылы үшінші орын иеленген болатын. 25 қарашада олар Конференция лигасы аясында швейцариялық «Базель» клубына қарсы кездесу өткізеді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

№75 мекемесінің сотталғандар арасында есірткіге қарсы шара өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы бұйрығына сәйкес қоғамның бүгінгі таңдағы ерекше мән беретін өзекті мәселесі...