Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

«Қанға боялып жатты, кішкентай бала әлі дем алып жатқан»: Алматыдағы қайғылы оқиға туралы куәгер айтып берді

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласындағы әйелдің үш баласымен бірге секіріп кеткен қайғылы оқиға туралы куәгер айтып берді, деп хабарлайды Informburo.kz сайты.

«Дауыстарды естідім. Сегізінші қабаттағы әйел айқайлап: «Не істеп жатсыңдар, не лақтырып жатсыңдар», – деді. Қыз жүгіріп келіп шыңғырып жіберді, одан кейін ер адам келді, оның соңынан мен келіп осының барлығын көрдім», –  дейді өзін Владимир деп таныстырған куәгер.

Оның айтуынша, көп қан болған, әйел мен балалар етбетімен құлап жатқан.

«Балалар жатыр, кішкентай бала әлі демалып жатқан еді, мен жедел жәрдем шақыру керектігін айттым. Барлығы қоңырау шала бастады. Жедел жәрдем келді. Содан соң мен кетіп қалдым. Олардың құлаған кезін көрмедім, көзім нашар көретіндіктен, бір нәрсенің ұшып бара жатқанын ғана аңғардым», – дейді Владимир.

Ол әйелді әдетте балаларымен ойын алаңында серуендеп жүрген кезінде көретінін айтты. Куәгердің сөзінше, отбасы көпқабатты үйде бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрған.

Қайғылы оқиға Жетісу-1 шағын ауданында болған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсаған әйел 28 жаста. Анасымен қоса оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласы да бірге құлаған. Әйел мен екі баласы оқиға орнында қаза тапқан. Балалардың үлкені ауруханаға жетер жолда жантәсілім еткен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматинские врачи вернули возможность ходить пациентке

В Городской клинической больнице №7 города Алматы нейрохирурги восстановили 37-летней женщине функции нижней конечности. Теперь в течение года она...