Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Қарағанды облысында полицейлер жауап алған ер адам асылып өлді

Танымал

Ел аузында

Қарағанды облысында полицейлер жауап алғаннан кейін ер адам асылып өлген. 36 жаста болған марқұмның туыстары оның өліміне полиция қызметкерлерінің кінәлі екеніне сенімді. Олар жан-жақты тергеу жүргізіп, кінәлілерді жазалауды сұрайды. Туыстарының айтуынша, өлгеннен кейінгі сараптама кезінде ер адамның денесінде көгерген және жырылған жерлері байқалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Новый вестник» газеті «Вечерний Караганда» телеграм-арнасына сілтеме жасап мәлімдеген.

Қайтыс болған ер адам мал ұрлады деген күдікке ілінген. Полициядан жауап алып, үйіне оралғаннан кейін ол әйеліне ары қарай өмір сүргісі келмейтінін айтқан.

Қарағанды облысының полиция департаменті Асылбек Ахметовтің мал ұрлығы бойынша күдікті болғанын растады.

«17 қарашада «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Нұра ауданында орналасқан шаруа қожалығына тиесілі 4 бас ірі қара мал ын ұрлау фактісін анықтады. Ұрлық фактісін шаруа қожалығының басшысы 2019 жылы орын алғанын көрсетіп, тиісті арыз бергені арқылы растады. 18 қарашада сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді полицияда.

Сол күні мал ұрлады деген күдікпен 36 жастағы азамат ұсталып, ол кінәсін мойындаған. Сонымен қатар, ол мал сойып, өлексе сатып алған адамдар туралы, сондай-ақ қала базарында ұрланған тауарлар сатылған жерлер туралы да айтқан. Барлық анықталған тұлғалардан жауап алынған.

Жауып алынғаннан кейін Асылбек Ахметов үйіне босатылған.

Ведомство сонымен бірге сот-медициналық сараптама Ахметовке күш қолдану туралы күдіктерді жоққа шығарғанын алға тартты.

«Қазіргі уақытта қылмыстық істі Ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеріп жатыр», – деп түйіндеді полиция.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...