Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Тоқтар Серіков: Төртінші, кішкентайымыз әнші болатын шығар

Бүгінде төрт ұл тәрбиелеп отырған Тоқтар мен Бейбіт "балаларыңыздың қайсысы әкесі мен анасының жолын қуады?" деген сауалға келгенде қиналып қалады екен.

Танымал

Ел аузында

Себебі алдыңғы үш ұлы өнерге қызықпайды. Бір үміт үйдің кенжесінде. Бұл туралы Серіков Қазақстан ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Алдыңғы үшеуі өнерге қызықпайды. Үлкеніміз – математик, жақсы оқиды. Қазір 8-сыныпта. Одан кейінгі егіздер де өнерге қызықпайды. Білімге, спортқа жақын. Төртінші, кішкентайымыз әнші болатын шығар. Тілі келсе де, келмесе де, таңнан кешке дейін менімен қосылып, ән айтады. Тілі енді шығып жүр», –  деп бөлісті Серіков.

Серіков әкенің қас-қабағына қарап өскенін айтады. Әкесін асқар таудай көріп, үлгі тұтқан ол өз ұлдарына да сол тәрбиені беруге тырысып жүр. 

«Ұлдарымның бәрі бұрыш-бұрышқа тығылып, қашып кетеді. Мен соларға дауыс көтеріп, айғаламаймын, бірақ әкеден жасқанады. Ұрыспайды емес, ұрысамын. Бірақ жүрегімнің ауырғанын көрсетпеймін», – деді ол. 

Бұдан бөлек, Тоқтар жұбайын қалай еркелетінін айтты. 

«Телефонымда Борби деп сақтаулы. Қыз кезінде байқамай Борби деп айтып қойып, сол күйі қалды. Телефон нөмірі өзгерсе де, аты өзгермейді. Оңаша жерде «жаным» деп еркелететінім бар. Әйел – жеке бақытым, өзгеге тиесілі емес, өзімдікі ғана болғаннан кейін «жаным» деп айтатыным бар. Бірақ телефоныма жазып, олай жасамаймын», –  деді ол. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...