Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Елімізде тұрғын үй бағасы төмендей ме?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пәтерлер мен көліктер бағасының тұрақталатынына болжам жасады.

Танымал

Ел аузында

Айтуынша осыған орай қазақстандық ведомство құрылыс материалдарының жаңа өндірісін ашумен айналысуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір индустрия министрлігі жылжымайтын мүлік бағаларының күрт көтерілуіне жол бермес үшін құрылыс материалдарының жаңа өндірісін ашу жұмыстарын қолға алған.

“Біз бірқатар материалдарды өндіруді жоспарлап отырмыз.Алда іске асырылуы тиіс 35 жоба бар,”- деді министр.

Сонымен қатар Қазақстанда санфаяр мен керамика шығаратын зауыт саны Республика бойынша үшеу-ақ. Ал бұл аз көрсеткіш.Сондықтан алдағы уақытта өндіріске жаңа зауыттар қосылатынын айтты.

“Біз тағы үш кәсіпорынды іске қосуды және керамикалық плиткаларға деген қажеттілігімізді 100% жабуды жоспарлап отырмыз,»- деді Бейбіт Атамқұлов.

Өндірісті іске қосудың тұрғын үй бағасының төмендеуіне септігі жөнінде министр:

“Болжамым бойынша бағалар тұрақталады.Себебі құрылыс компаниялары өзімізден шығатын өнімдерге сұранысты арттырса, инфляция импорты алынып тасталады,”- деп жауап берді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...