Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Алматыда «омикрон» штаммының таралу қаупі қандай? Маман жауап берді

Танымал

Ел аузында

Алматыда әзірге «омикрон» штаммының таралу белгілері жоқ, деп мәлімдеді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, жаңадан анықталған Covid-19 штаммдары басқа елдерден сөзсіз таралады, сондықтан әрқашан қауіп бар болып қала береді.

«Мұнымен қоса, жаңа штаммдарды вакцинацияланбаған халық белсенді түрде жұқтырады, сол себепті оның таралуына тосқауыл коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация болып табылады. Алматы қаласында біз күн сайын тұрғындар арасында Covid-19 вирусы жаңа жағдайларының тіркелуінің төмендеуі және аурушаңдықтың тұрақтану үрдісін байқап отырмыз, осы себепті Алматыда омикрон штаммының таралу белгілері байқалмайды», – деді Сәдуақас Байғабұлов.

Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта «омикрон» зерттелу үстінде. Жаңа штаммның жұқпалылығын, вируленттілігін және ауру ағымының негізгі белгілерін анықтау үшін қосымша шамамен екі апта уақыт қажет. Әдетте, алдын ала мәлімет бойынша, ауруды негізінен 20-30 жас аралығындағы, екпе алмаған жастар жұқтырады.

Департамент өкілі қазіргі уақытта көптеген елдермен әуе рейстері қайта жанданып, туристік бағыттар белсенді түрде қолданылып жатқанын қосып өтті. Атап айтқанда, Алматыдан Шарм-эль-Шейхке, Дубайға, Ыстамбұлға сондай-ақ Сеулге күн сайын рейстер қатынауда.

«Шетелге шығатын азаматтар міндетті түрде екпе салдыруы қажет, себебі біздің тұрғындар ПТР сертификаттарымен қайта оралуды жалғастыруда. Мысалы үшін, 29 қарашада Алматыға шетелден 3 365 жолаушы келген, оның ішінде 1 645 жолаушыда ПТР теріс сынамасы және 1 720 жолаушыда вакцинацияның толық курсы туралы төлқұжат болған», – деп түйіндеді Байғабұлов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...