Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

ҚР Президенті Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорымен кездесті

Танымал

Ел аузында

Президент ДСҰ-мен арадағы ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы айта келе, пандемия жағдайында Ұйымның әлемдік экономиканы қайта қалпына келтіру ісіндегі негізгі рөліне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік сауда ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары, оның ішінде ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-конференциясына еліміздің төрағалық ету мәселесі талқыланды. Сондай-ақ халықаралық сауданы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікірлерін ортаға салды.

26 қарашада ДСҰ Ұйымға мүше мемлекеттер министрлерінің 12-конференциясының өтетін уақытын кейінге шегеру жөнінде мәлімдеме жасады. Жиын 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Женевада өтуге тиіс еді. Нгози Оконджо-Ивеала індеттің өршуіне байланысты министрлер конференциясын кейінге шегеруге тура келгені өкінішті жәйіт екенін және оның өте ауыр шешім болғанын айтты. Кездесуге қатысушылар іс-шараны өткізудің ықтимал жаңа мерзімдерін талқылады.

Президент ДСҰ-мен арадағы ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы айта келе, пандемия жағдайында Ұйымның әлемдік экономиканы қайта қалпына келтіру ісіндегі негізгі рөліне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеаланың басшылығымен вакцинаның барлық адамға бірдей тең дәрежеде қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ДСҰ-ға мүше мемлекеттермен, негізгі халықаралық ұйымдармен және вакцина өндірушілермен жүргізіліп жатқан конструктивті диалогқа қолдау білдірді.

Әңгімелесу барысында 2022 жылдың қараша айына жоспарланып отырған Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымындағы сауда саясатына алғашқы шолуының шығарылымы талқыланды. Президент еліміз үшін осы оқиғаның аса маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ДСҰ қағидалары мен ережелеріне, сондай-ақ осы ұйымға кірген кезде өзіне жүктелген міндеттерге бейілділігін растай алатынына сенім білдірді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеаланы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматинские врачи вернули возможность ходить пациентке

В Городской клинической больнице №7 города Алматы нейрохирурги восстановили 37-летней женщине функции нижней конечности. Теперь в течение года она...