Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Иран мен Ауғанстан шекарасында қарулы қақтығыс орын алды

Танымал

Ел аузында

Иран мен Ауғанстан шекарасында 1 желтоқсанда қарулы қақтығыс орын алды. Оқиға Канг уезі мен Ауғанстанның солтүстігіндегі Нимроз провинциясында болған. Қақтығыс кезінде екі жақ та әскери техникаларды пайдаланды, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап.

Шабуылды бірінші болып тәліптер бастаған. Алайда өзге ақпарат көздерінде Иран әскерилері Ауғанстанмен шекарада тіркелмеген нысандар орнатты деп көрсеткен. Әзірге екі елдің билігі оқиғаға қатысты пікір білдірмеді. 

Қарулы қақтығыс жергілікті уақытпен 17:30-да басталған. Басылымның жазуынша, Иран аумағында тұрғызылған контрабандаға қарсы дуал қақтығыстың себебі болған. Өз шекарасында болған Иран шаруалары дуалға мінген. Алайда тәліптер шекараны бұзып өтті деп ойлап, шаруаларға оқ атқан. 

Қазір соғыс тоқтап, екі жақ мәселені талқылауда. 

Бастапқыда тәліптер Иран шекарасындағы бақылау-тексеру пункттерін басып алды делінген болатын. Бірақ Иран халықаралық журналисі Хаял Муаззин бұл ақпараттың жалған екенін нақтылады. Қазір шекарашылар аумақты толық бақылауына алған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...