Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын жаулап жатыр

Танымал

Ел аузында

Қазақстандық азаматтар қытай автокөліктерін көптеп сатып алып жатыр. Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің ең танымал 15 брендтің қатарына бірден екі қытайлық көлік кірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

EnergyProm порталының мәліметінше, рейтинг көрсеткіші бойынша 10 орында тұрған Қазақстанда шығарылатын JAC машинасының жылына 2,2 мың данасы сатылса, 15-орында тұрған Haval көлігінің сәуір айынан бері 833-і өз иесін тапқан.

рейтинг машина

2021 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан Республикасының дилерлерімен 96,8 мың жеңіл және коммерциялық көлік сатылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,9%-ға артық. Ең көп сатылған көліктердің қатарында Chevrolet – 25 мың, Hyundai – 19,4 мың және Toyota 11,4 мың маркалы машиналары тұр. Қытайлық брендтердің де автокөліктері жақсы өтуде, сатылған көліктердің бір жыл ішіндегі үлесі 2,1%-дан 3,1%-ға дейін өскен.

Желтоқсан айында Ресейде өзін танытып үлгерген қытайлық Chery брендінің Қазақстанда сатылымы басталады. Бұдан былай Қазақстан нарығындағы қытайлық автокөліктердің үлесі тек өседі деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанда 9,3 мыңға жуық жеңіл және коммерциялық көлік сатылған және бұл 2020 жылғы қазан айымен салыстырғанда 3,6%-ға артық. Мұнымен қатар Еуропадағы автокөлік сатылымы 29,3%-ға төмендеді – бұл еуропалық нарық тарихындағы сәйкес айдағы ең нашар нәтиже болып отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...