Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Айжан Байзақова: Сүйіктім опасыздық жасаса, кешірмеймін

Атышулы блогер Айжан Байзақова ерлердің адалдығы жайлы сөз қозғады.

Танымал

Ел аузында

Бикеш сүйіктісі опасыздық жасаған жағдайда кешірмейтінін, қарым-қатынасты бірден үзетінін айтты. Сондай-ақ Айжан өмірінде анасын бірінші орынға қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

  • «Тіпті өз әйелін сүйетін еркектердің опасыздыққа үйір келетінін білемін. Біреу ашық түрде жасаса, біреу жақсылап жасырады. Ерлер ол жағынан әлсіз, не істейік енді?» – деп жазды Байзақова Instagram-да.

Алайда Айжан өзіне опасыздық жасаса, кешірмейтінін кесіп айтты. 

«Неке мен көп бала мені тоқтатпас еді. Қарым-қатынасымызды бірден үзер едім. Бірақ мұндай шешім қабылдау маған жеңіл болуы мүмкін. Себебі мен эмоционалды және қаржылық жағынан тәуелсізбін. Жалпы адамдарды оңай жіберемін, себебі оның орнына одан да жақсысы келетінін білемін. Соңында расымен солай болып шығады», – деп ағынан жарылды ол. 

Бұдан өзге, блогер өмірінде анасын бірінші орынға қоятынын айтты. 

«Барлық сырымды анаммен бөлісуге тырысамын, оның түсінігі мол. Бірақ өзім шеше алатын көптеген мәселелерді айтпаймын, одан қорғаймын. Мен үшін анам бірінші орында. Көпшілік мұның дұрыс емес екенін айтады, бірақ менің миымда қатып қалған қағида осы. Ол үшін бәрін істеймін. Себебі ол бүкіл өмірін бізге арнады, ал қазір өмірдің бар рахатын сезінуі тиіс», – деді Айжан.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...