Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Денсаулық сақтау министрі омикрон штамының Қазақстанға келуі жөнінде пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой омикрон штамының Қазақстанға келу ықтималдығы туралы пікір білдірді.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

«Қазір ең басты мәселе мониторинг болып отыр. Себебі әзірге жаңа штамм толық зерттеліп біткен жоқ. Әлемде түрлі штамдар пайда болып жатқанын біліп отырсыздар. Бірінің орнын бірі алмастырып жатыр – лямбда, одан кейін Eta-штамм… Әр штамға ерекше назар аударуға мәжбүрміз. Әр пайда болған штамның қалай тарайтынын алғаш пайда болған елдегі жағдайға қарап түсінудің маңызы зор. Жақында ғана Женевада болып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездестік. Сол кезде бұл штамды зерттейтін жұмыс тобы құрылғаны айтылды. Ең бастысы, бұл штамның соңы пандемияға ұласпағаны керек. Яғни, ел ішінде таралуын бақылауда ұстау маңызды», –  деді министр БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазір бүкіл әлем қауымдастығының міндеті – штамның қаншалықты жұқпалы екенін, оның қалай әрекет ететінін, оның клиникалық көріністерін және адамдар үшін қаншалықты қауіпті екенін бақылау.

«Әзірге сенімді деректер жоқ. Тек жекелеген деректер бар. Эпидемиологиялық мониторинг жүйесі жұмыс істеп жатыр. Біз ай сайын шетелден келген, әсіресе, талдау қорытындысы сырқат бар екенін көрсеткен азаматтардан сынамалар алып отырмыз. Тиісінше, халықаралық мәліметтер базасы арқылы бұл сынамалардың вирус штамының қайсысына жататыны тексеріледі. Сондықтан жақын арада біз нақты қорытынды аламыз, соның негізінде бәрі түсінікті болады. Вирустың бұл штамы Қазақстанға келген күннің өзінде оның табиғатын, таралу тәсілін түсіну маңызды», – деді Алексей Цой.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...