Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

«Желтоқсан желі» әнінің шығу тарихы туралы сыр тарқатты

Танымал

Ел аузында

Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай, Талас ауданының орталығы – Қаратау қаласы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында «Желтоқсан желі» әнінің авторы әрі орындаушысы, қазақтың сазгерлік өнерінде өзіндік шеберлігімен, табиғи талантымен, шынайы дарынымен ерекшеленіп, халқының, өнер сүйер жұртшылықтың ыстық ілтипаты мен сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген, сазгер, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Талас ауданының Құрметті азаматы Әбиірбек Тінәлі мен ҚР мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаевтың қатысуымен «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым — Желтоқсан» атты кеші өтті.
Кеш барысында әнші, сазгер Әбиірбек Берденұлы бүгінгі күнге Желтоқсаншылардың гимніне айналған «Желтоқсан желі» әнінің шығу тарихы туралы шер тарқатты. Одан бөлек, ерекше дарын иесі алдағы шығармашылық жұмысы туралы сөз қозғады.
Ұйымдастырылған кеште мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаев өзінің шығармашылығындағы қос әуенін көпшілікке орындап берді.
Аталған кешке қатысқан аудан басшысы Қанатбек Мәдібек Талас жерінен шыққан сазгер, әнші Әбиірбек Берденұлы мен Бақыт Шағырбаевқа Талас жұрты атынан алғысын білдіріп, сый сияпатын табыс етті.
Атағы алты алашқа жайылған Әбиірбек Берденұлы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай, көңілден кетпестей кеш ұйымдастырған Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібекке және барша Таластық жерлестеріне шынайы ризашылығын білдірді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...