Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

«Ай сайын 20 мыңға дейін ақша жинайды»: Шымкентте бір топ мұғалім наразылық білдірді

Танымал

Ел аузында

Шымкенттегі жалпы білім беретін орта мектептердің бірінің мұғалімдері бүгін бас көтерді. Ұстаздар мектеп әкімшілігі тарапынан жылдар бойы негізсіз ақша жиналатынын айтып ашынған, деп хабарлайды “Астана” арнасы.

Айына тіпті 20 мың теңгеге дейін мектеп қажеттілігіне қаржы жинайтын көрінеді. Тіпті білім ошағына есімі берілгелі жатқан ақын Фариза Оңғарсынованың мүсінін орнатуға, 5 мың мен 20 мың теңге аралығында ақша жинау тапсырылыпты.

“Біздің төзіміміз таусылды. Фариза Оңғарсынованың мүсінін орнатуға деп мәжбүрлі ақша жинау басталды. Бастапқыда 5 мың теңгеден ерікті түрде бердік. Бірақ ол ақша жетпей, бізді қыспаққа алды. Ақыр соңы «қарызсыңдар» дегенге келтірді. 20 мыңнан беруге көбі келіспеді. Қарсылық білдіргенім үшін менің сағатымды қысқартып, сыныбымды алып қойды”, – дейді №28 жалпы орта мектептің мұғалімі Мариям Абдраимова.

Мұғалімдер ай сайын ақша жинауды әдетке айналдырған деп шағымданады.

“Мен осы мектепте 2013 жылдан бері дене шынықтыру пәнінің мұғалімімін. Жоқ дегенде айына 7-8 мың, айына 20 мыңға дейін жиналады. Мың теңгеден жинайды, 500 теңгеден жинайды, 5 мың теңгеден. Анау дейді мынау дейді, комиссия дейді, үйтеді бүйтеді бірақ олардың біреуінде көрмейміз”, – дейді орта мектептің мұғалімі Елдос Абишев.

Жиналғандар қазір мектепте көзге шыққан сүйелдей болдық деп тұр. Мектеп басшысы ақшаны тікелей өзі емес, қасындағы көмекшілері арқылы жинатады дегендер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке арыз түсірген. Мектеп директорының орынбасары, мұны «бәлеқор» санаулы мұғалімнің әрекеті деп отыр.

“Егер ойлары ашық, анық болса мектепке шақырып, барлық 147 мұғалімді шақырып алып жиналыста неге айтпайды. Неге ана жақта тығылып айтады. Үш-төрт адам отырып алып, өздерінің аузым бар деп сөйлесе, қолым бар деп жазса, онда біздің мемлекетімізде не болады. Біз білім беретін адамдармыз, сондайға бару ұят тірлік деп ойлаймын”, – дейді №28 жалпы орта мектептің директорының орынбасары Роза Молдабекова.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...