Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Тәуелсіздік құрдастары

Танымал

Ел аузында

Кез-келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші  – жастар. Сондықтан да олардың ел тірегі екенін  естен  шығармаған жөн. Мемлекетіміздің әлемнің дамыған елдерінің қатарына  кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Ел  ертеңі – білімді, білікті жастардың қолында.

Қазақстандық полиция мемлекетіміздің қоғамдық тәртіп пен  азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қойылған барлық міндеттері мен мақсаттарын табысты жүзеге асырып келеді. Тәртіп сақшылары әрқашан кәсіби шеберліктері мен табандылықтары, өжеттіліктерімен  ерекшеленіп тұрады.

Бүгінде мыңдаған қызметкер өздерінің жоғары кәсіби мамандықтарына адал, қоғам тәртібін қорғап, қызметтерін  мінсіз атқарып келеді.

Сондай қызметкерлердің бірі – Мұратов Азамат Қанатұлы   Тәуелсіздіктің  түйдей құрдасы . Алматы 1 ст. Желілік полиция басқармасы Алматы 2 ст. Желілік полиция бөлімшесі  криминалдық  полиция тобының жедел уәкілі полиция лейтенанты  теміржол торабында  құқықтық тәртіп пен  ел қауіпсіздігі жолында тынбай қызмет етіп келуде.  Көліктегі полиция департаментінің  ұйымдастыруымен өткізілетін спорттық  сайыстарға , басқармаішілік сайыстарға еркін күрестен (спорт шеберлігіне үміткер) белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген  көлік сақшысы.

 Бала күнінен темірдей тәртіп пен  төзімділік, табандылық сияқты қасиеттерге ие, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау,  Отанға адал қызмет ету жолындағы  полицей қызметкерлер жайында  фильмдерді қарап, солардың   іс-әрекеттеріне еліктеп, сол кездегі милиция қызметкерлеріне, фильмдердегі қылмыстық іздестіру қызметкерлеріне қызыға қарап, соларды пір тұтып өсті.

Бала арманына жету мақсатына қадам басып келе жатқан полиция лейтенанты  Мұратов Азамат Қанатұлы   бүгінде Алматы 1 ст. желілік полиция басқармасы Алматы 2 ст. Желілік полиция бөлімшесі  криминалдық  полиция тобының жедел уәкілі болып қызмет атқарады.

Жедел уәкілдің негізгі міндеті  қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарымыздың жеке қауіпсіздігі мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ретте қанды қол қылмыскердің дер кезінде ұсталып, кез келген қылмыстың жедел ашылуына мұрындық болып жүрген қылмысты іздестіру құрылымдары қызметкерлерінің атқаратын рөлі орасан. 

Жедел уәкілдің бойында қандай қасиеттер басым болуы керек? – деген сауалға Азамат  – жедел уәкілдің бойынан табылуы тиіс қасиеттер: біріншіден, жедел уәкіл әділдік, адамгершілік, шынайылық қасиеттерін бойына сіңіруі тиіс. Істің ақ-қарасын әділ саралап, адал қызмет етуі үшін адамгершілігі жоғары болғаны да абзал.  Елбасымыз өз сөзінде: «Біз жұмыс істемейміз, біз елге қызмет етеміз» деп қадап айтқан болатын. Расымен де, құқық қорғау органы қызметкерлері еліне адал қызмет етуі үшін ең әуелі осы қасиеттерді бойына сіңіруі керек. Сонда ғана халық  олар қызметіне жоғары баға береді, – деді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 01.09.2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы талаптарына  сәйкес «полицияның сервистік моделі», қылмыстық процесті жүргізудің жаңа форматы – «үш буынды моделі» бойынша қызмет атқаруға белсенділік таныту әрбір  қызметкердің  парызы.

Кез келген мемлекеттің те­міржол көлігі – оның көлік жүйе­сінің жетекші орнын иеленеді. Се­бебі, ондағы жүк айналымы мен жолаушылар тасымалы басқа кө­лік түрлеріне қарағанда анағұрлым ауқымды. Көліктегі ІІД еліміздің теміржол және әуе көлігі нысандарындағы қауіп­сіздікті нығайту мен оларда орын алған қылмыстарды ауыздықтау шараларын жүзеге асырады. Сон­дықтан болса керек, айтулы ны­сандарда қоғамдық қауіпсіздік пен аза­маттардың құқын қорғау ісі көлік сақшыларынан ерекше қыра­ғылық пен қажырлылықты талап етеді.

– Тәртіп сақшысы болу  – мен  үшін үлкен жауапкершілік. Әрбір полицей елінің  қорғаны болуы  керек. Тәртіп сақшыларының қызметін оңай деп есептеу үлкен қателік. Себебі, полицей ар-ожданының алдында таза, қандай қиындықтар мен кедергілер  болса да шыдамдылық танытып, тәртіп пен заңды бәрінен үстем қояды. Тұла бойында  өз ісіне деген адалдық пен кәсібилік әскери мінезбен бірге қалыптасуы керек, – дейді  полиция лейтенанты Азамат .

Алматы 1 ст. ЖПБ

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...