Тарихқа көз жүгіртсек, қазақстан қоғамы үшін халықтың көпшілігі ұстанатын дәстүрлі діндер – ханафи мәзһабындағы сунниттік ислам және православиелік христиандық. Ал Қазақстан Республикасы зайырлы болуына байланысты, мемлекет қоғамның әрбір мүшесінің діни ұстанымын еркін таңдау құқығын өзіне қалдырады. Осының аясында жалған сәләфизмді ұстанушылар өздерінің діни сенімдерін таратуға тырысып және өзге дін өкілдерін жек көруді насихаттай отырып, елімізде қалыптасқан конфессияаралық және ұлтаралық келісімге қауіп төндіруде.
Жалпы, «сәләфизм» термині тарихи тұрғыдан исламдағы діндарларды «салих ата-бабаларға», «сәләфтерге», яғни Мұхаммед пайғамбардың сахабаларына (сахабтарына) және олардың кейінгі ұрпақтағы ізбасарларына назар аударуға шақыратын бағытты білдіреді.
Бүгінде бұл қозғалыс халықтар мен мәдениеттер арасында өшпенділік тудыратын, өз көзқарастарымен келіспейтіндердің барлығына қарсы ымырасыз соғыс жүргізіп жатқан бұрмаланған идеологияның ізбасарларының белгілі бір радикалды тобын тұлғалай бастады.
Бүгінгі жалған сәләфизм басты ерекшелігі – Құран мен Сүннетті түсіндіруде сөздердің мағынасын тікелей қабылдау арқылы шектен шығу. Атап айтқанда, жалған сәләфизмді ұстанушылар Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабалары кезінде болған ислам дінінің нормалары бойынша өмір сүруге шақырып, шындықтан туған кез келген жаңашылдықты жоққа шығарады.
Олар әулиелердің бейітіне зиярат етуді өлілерге табыну деп есептеп, тыйым салады және пайғамбарға дұға етуді ширктің (көпқұдайшылықтың) бір көрінісі деп санайды. Оның үстіне, олардың көзқарасы бойынша, кез келген музыка, театрландырылған қойылымдар және кейбір спорт түрлері шариғат негізінде тыйым салынған. Сондай-ақ, догматикалық радикалдық жалған «жалған сәләфизм» мен исламның ханафилік қалыпты ағымының арасында бірқатар түбегейлі айырмашылықтар бар.
Жалған сәләфизмді насихаттайтын арбаушылардың басым көпшілігі тиісті діни білімі жоқ, бірақ психология негіздерін кәсіби түрде меңгерген болып табылады. Нәтижесінде, Құран мен хадистерге еркін түсініктеме беру, олардың мәнін бұрмалау және бұрмаланған хабарларға белгілі бір объективтілік беру, осы мифтік парадигмаларды бүгінгі күн жағдайымен байланыстыру, жаңа адепттерді ислам дінінің жалған ақпарат көздеріне жетелейді.
Жалған сәләфизм идеологиясының негізгі міндеті, ислам дінін сырттан келген әртүрлі жаңашылдықтардан тазалау және пайда болуына жол бермеу. Қазіргі кезеңде жалған сәләфизм идеологиясының таралуы мұсылман қауымдастықтары шоғырланған әлемнің барлық дерлік аймақтарында байқалады. Бұл ретте жалған сәләфизм идеологтары жастарды өз қатарларына тартып, ел халқының жас бөлігінің радикалдануына ықпал ету қаупінің бар екендігін атап өткен жөн.
Осы орайда, жастарымызды жалған діни сенім арбауынан қорғап, еліміздің дәстүрлі құндылықтарын насихаттауға басымдық берген жөн.
Әшірбек М.Б., Алматы қаласы Дін істері жөніндегі
басқармасының жанындағы «Кеңес
беру және оңалту» орталығының
маманы.