Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Тоқаев шекті межені 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін көтермеуді тапсырды

Танымал

Ел аузында

Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты.

Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету.

Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам. Сонымен қатар Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды», – деп жазды Б.Уәли.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Режим работы ЦОНов и спецЦОНов в период новогодних праздников

      В связи с празднованием Нового года «Госкорпорация «Правительство для граждан» сообщает, что 1 и 2 января, а также 7 января...