Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-12.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

«Құдама айтып тіркетіп беремін, Цойды күтіп отырмын»: Жүрсін Ерман QazVac пен ДДСҰ басшысы туралы айтты (ВИДЕО)

Танымал

Ел аузында

Жуырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебреисустың ақын Жүрсін Ерманның құдасы екені мәлім болған еді.

Қазіргі айтысқа көңілі толатынын айтқан Жүрсін Ерман шенеуніктер айтысты жасырын болса да көреді дейді.

Сөз арасында коронавирусқа қарсы ойлап табылған қазақстандық QazVac вакцинасы туралы да айтып қалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Біздің қазақтар қызық қой енді, неше түрліні айтып жатыр. Мына біздің КазВак деген вакцинамыз бар емес пе тіркелмей келе жатқан, соны ана құдаңа айтып тіркетіп берсеңші дейді. Цойдың хабарын күтіп отырмын. Цой хабарласса тіркетіп беремін»,- деді Жүрсін Ерман әзіл-шыны аралас.

Еске салсақ, жуырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебреисустың ақын Жүрсін Ерманның құдасы екені мәлім болған еді. Танымал өнер иесі туған жиен немерісін эфиопиялыққа ұзатқан. Ал ДДСҰ басшысы Жүрсін Ерманға бейнеүндеу арқылы құттықтау жолдаған болатын. Бұл жағдай желіде қызу талқыға түсті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области в 2024 году родилось около 24 тысяч детей

В 2024 году в Алматинской области родилось около 24 тысяч детей. По числу новорождённых лидируют Карасайский, Илийский, Жамбылский, Енбекшиказахский...