Бүркіт: Балаларды вакциналау ерікті болу керек

Әнші Бүркіт балаларды вакциналауға қатысты пікір білдірді.

Танымал

Ел аузында

Оның ойынша, балаларға екпе ерікті түрде, тек ата-аналарының рұқсатымен салынуы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үш бала тәрбиелеп отырған Бүркітті перзенттерінің болашағы алаңдатады. Әке ретінде ол мәжбүрлі вакциналауға қарсы екенін Instagram-дағы парақшасында білдірді.

«Балаларға вакцинация ерікті болуы керек деп санаймын. Әр адамның өзінің позициясы бар, әр адамның өз пікірі мен ұстанымын мен сыйлаймын. Біреулер балаларына вакцина салдырғысы келеді, біреулері шешім қабылдауға қиналып тұрғандары, ал енді біреулері мүлдем қарсы. Сондықтан да әр адамның ой-пікірін сыйлап қабылдауға шақырамын. Ата-аналары өздері шешу керек, қойдыра ма әлде жоқ па?! Қандай болса да, ел аман болсын. Ары қарай өздеріңіз білерсіздер. Мен ешкімді салдыр, салдырма деп үгіттемеймін. Әркімнің өз ойы бар бұл жөнінде. Ең бастысы балаларымыз аман болсын!» – деп жазба қалдырды ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...