Нұрлан Нығматулин БЖЗҚ басшысын қатаң сынға алды

Танымал

Ел аузында

Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар бірнеше заң жобаларын талқылады. Отырыс барысында Нұрлан Нығматулин Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттарға сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу бойынша заң жобасы ұсынылды. Бірінші оқылымда заңнама қабылданды. 

Құжаттың алғашқы бөлімдерінде ерлі-зайыптыларға немесе жақын туыстарға ортақ зейнетақы аннуитетін ашу жайлы сұрақ қарастырылған. Депутаттар БЖЗҚ басшысы Жанат Құрмановқа заңға қатысты сауалдарын қойды. Алайда спикер сұрақтарға толық жауап бере алмай, Нұрлан Нығматулиннен қатаң сөгіс естіді. 

«Бірде бір сұраққа жауап бермейсіздер. Осы сұрақтарға да. Біздің регламент бойынша бар болғаны екі қадам жасау керек. Неліктен жеткіліктік шегі жайлы халыққа үш апта жауап  бере алмағандарың енді белгілі болды. Мұнда келер кезде дайындалу керек, түсінікті ме?», – деп мәлімдеді Мәжіліс төрағасы. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...