Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

«Өнер барысында» жарақаттанған Мейіржан Төребаевтің жағдайы нашарлап, ауруханаға түсті

Танымал

Ел аузында

«Өнер барысы» жобасында жарақат алған вайнер Мейіржан Төребаев ауруханаға түсті. Актердің жағдайы нашарлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өткен демалыста «Тараз Арена» спорт кешенінде өткен жарысқа актер Мейіржан Төребаев та қатысты. Белдесу кезінде ол қолынан жарақат алып қалды. Актерге медициналық көмек көрсетілді. Мейіржанның өзі медициналық пунктте отырған сәтін жариялап: 

«Бұл мені тоқтата ма, білмеймін. Бүгін «Өнер барысы» өткен «Тараз Аренада» жастар көп болды, орын жоқ. Кей жерлерде қысым байқалды. Меніңше, көпшілігі көрген шоудан кейін спортпен айналысуды қалайды. Жобаның өзі қазақша күресті насихаттауға арналған. Сондықтан, шығамын ба, жоқ па, ин ша Аллах уақыт көрсетеді», – деп жазды. 

Көп ұзамай, Дана Есеева жарының жағдайы нашарлап, ауруханаға түскенін хабарлады. 

«Өкінішке қарай, жағдайы нашарлады. Ауруханаға жатқызуға тура келді. Қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінуде», – деп жазды Дана. 

Аталған сайыста, актер Асылхан Төлеповтің үш дүркін чемпион атанғанын хабарлаған едік.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...