Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5.3 C
Nur-Sultan
5.9 C
Almaty
5.9 C
Shymkent

Сиви Махмуди күйеуімен ажырасқанын хабарлады

Сиви Махмуди жеке өміріндегі жағымсыз жайтты жұртқа жария етті.

Танымал

Ел аузында

Әнші 10 жыл отасқан күйеуімен ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шаңырақтың шайқалғанына 1 жылға жуықтаған. Алайда әнші бұл жаңалықты елге бірден айта алмаған сыңайлы. Күні кеше Сиви 10 жылға жуық отбасы үшін барын салғанын айтып, жан сырын ақтарды.

«Күндер зулап, айлар алмасып, жылдар жалғасып жатыр. Екі бөлек кеткенімізге 1 жыл болып қалды. Өнерімдегі жаңалықтарды бақылап жүрген жұрт, жеке өмірімде не болып жатқанын қайдан сезсін?! Отбасымды қорғағым келді 10 жыл бойы. Ата-анамның үмітін ақтау үшін, балаларымның бағы бүтін болуы үшін барымды салдым. Ешкімді кінәламаймын. Бәрін кешірдім. Жылды осылай қорытындыласам да, Жаңа жылдан күтерім көп», – деп жазба қалдырды Сиви Instagram-дағы жеке парақшасында. 

Сивидің экс-жарының есімі – Аңсар Қажымұқанұлы. Екеуінің екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...