Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Суицид сорлатып тұр

Танымал

Ел аузында

Соңғы кезде елімізде суицид туралы деректер көбеюде.

Осы орайда айта кетер жайт, еліміз суицид көрсеткіші жағынан әлем елдері арасында көш бастап тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, Орталық Азияда еліміз өз өзіне қол жұмсаудан  алғашқы орында, ал әлем бойынша 3-орында тұр. Мамандар елімізде кедейлік қамытын кигендер суицидке жиі барып жатыр деп мәлімдеме жасап отыр. Соңғы төрт айда Қазақстанда 53 жасөспірім өзіне қол салған. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға көп екен. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айының өзінде 834 қазақстандықтың өзіне қол жұмсағанын ескерсек, мәселеге көз жұмбау керек екенін сезінеміз.

Мәселен, кеше ғана Алматыдағы «Шахристан» тұрғын үй кешенінде 12-қабаттан ер адам секіріп кетті. Еске сала кетсек, бұған дейін де 17 жастағы қыз 12 қабаттан секіріп, оқиға орнында көз жұмған болатын. Сондай-ақ жақын арада үш баласын алып жас ана жоғарғы қабаттан секіріп кеткен еді.

Қарап отырсақ, суицид жасқа да, жынысқа да қараймайды.  

Бір кездері жасөспірімдер ойын ойнаймыз деп от басып суицидке ұшыраған еді. 2017 жылы танымалдылыққа ие болған «Синий кит» ойыны тапсырмалары былай бір көзге қарағанда залалсыз көрінеді. Дегенімен, деңгейі өскен сайын ойын тапсырмалары адам өміріне қауіп төндіреді.

Ал мемлекетіміз суицидтің алдын алмай  әрекетсіз отыр. Тез арада алдын алып, әрекетке көшпей отыра берсек, халқымыз  қартайып емес, суицидпен-ақ азаятын түрі бар!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...