Ақтау орталығындағы құттықтау мәтіні жұртты күлдірді

Танымал

Ел аузында

Қала әкімдігінің өкілдері мәтінді жүктеу кезінде компания қызметкері қате жібергенін, ол бірнеше минут ішінде бірден түзетілгенін түсіндірді.

Ақтау орталығында ілінген жазу қалалықтарды күлдірді. Шаһар әкімдігінің өкілдері құттықтауда қате неден кеткенін түсіндірді, – деп хабарлайды Lada.kz. 

Әлеуметтік желілерде қалалықтар Ынтымақ алаңындағы пластик қызғалдағы бар платформада жазылған инсталляцияға қатысты қызу пікір білдіріп жатыр. 

«С новым годым», – деп жазылған инсталляцияда. Қате «годым» деген сөзде. Оның орнына «годом» деп жазылуы тиіс.

Қала әкімдігінің өкілдері мәтінді жүктеу кезінде компания қызметкері қате жібергенін, ол бірнеше минут ішінде бірден түзетілгенін түсіндірді.

«Техникалық ақаулар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз және әр отбасына бақыт пен амандық тілейміз», – деді әкімдіктегілер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15 жүлдегер марапатталады. Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы биыл...