Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Иманбек «Жыл музыканты» атанды

MTV Россия телеарнасы 2021 жылдың музыканттарын жариялады.

Танымал

Ел аузында

Үздік ондыққа қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жылдың үздік он музыканты: Мари Краймбери, Slava Marlow, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu, Анет Сай.

«Жыл бойы тыңдалған әуендер! «Жыл музыканты» марапаты индустрияға елеулі үлес қосқан талантты орындаушылардың жетістіктеріне арналған. Олар – жоғары сапалы музыка, өзіндік ерекшелік, аудиторияны тану және кәсіби орындаушылық мәдениетті біріктірген түрлі жанрдағы жарқын, өзінше бірегей әртістер», –  делінген MTV телеарнасының хабарламасында.

Еске сала кетейік, қазақстандық Иманбек Зейкенов 2019 жылы SAINt JHN – Roses әнінің ремиксін жазып, әлемге танымал болды.

Композиция әлемдік чарттарда бірінші орынды иеленді. Иманбек қазақстандықтардың арасында алғаш болып «Грэмми» сыйлығын алды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана

Жиырма бірінші ғасыр технологияның нағыз дамыған кезеңі. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін гаджетті қалай қолдану керек екенін жатқа біледі....