Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

Алматыда балаларды ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады

Танымал

Ел аузында

Ақпаратты қалалық Полиция басқармасы растады.

Алматыда балабақшада балаларды ұрып-соқты деген тәрбиеші өзіне қол жұмсады. Ақпаратты қалалық Полиция басқармасы растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Алматы қаласының полиция департаменті 1979 жылы туған азаматша Б-ның өзіне қол жұмсағанын растап отыр. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Мән-жай анықталып жатыр», – деді департаменттегілер.

Бұған дейін Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті Қазнет қолданушыларын ашуландырғаны хабарланған еді. Кейін тәрбиеші бап бойынша жұмыстан шығарылғаны айтылды.

Әлеуметтік желіде балаларға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

2000-ға жуық азамат қатысқан марафонда полицейлер жеңіске жетті

Түркістан облысында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай “Тұрақтылық-татулық тұғыры” атты марафон ұйымдастырылды. Оған облыстың 18-29 жас аралығындағы 2000-ға жуық...