Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

24 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
34.3 C
Shymkent

«Қорғауға дайынбыз»: Ақпарат министрі Бекболат Тілеухан мен журналист арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеухан мен журналист Айнұр Қоскина арасындағы оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, сәрсенбі күні Мәжілісте журналист Айнұр Коскина депутат Тілеуханға оның қос әйел алуға көзқарасы туралы сұрақ қойып, оған депутат өзінің көп әйел алғанын, бұл оның «тағдыры» екенін ашық мойындаған болатын.  Бұдан кейін журналист Қазақстанда көп әйел алуға тыйым салатын заң қабылдаған әріптестері – депутаттардың бұл фактіге қалай қатысы барын сұрады.  Ол жауап беруден жалтарып, лифтке кіріп, Коскина оның соңынан ерді.  Сол жерде, оның айтуынша, Тілеухан монопод штативін сындырып алған.  Журналист полиция шақырған.

«Бүгін Парламент ғимаратында журналист А.Коскина мен сұхбат беруші Б. Тілеухан арасында орын алған оқиға журналистика кәсібінің ерекше қарым-қатынас дағдыларын қажет ететін ерекше мамандық екендігін кезекті рет дәлелдеді. Әрине, сұхбат берушінің журналистке қатысты эмоциялық әрекетін ақтау қиын (әсіресе журналистің әйел баласы екенін ескерсек). Мәдениетті қарым-қатынас этикасы кез-келген сұхбат барысында сақталуы тиіс.», – деп атап өтті Аида Балаева.

Бұл ретте ол қақтығыстың екінші қатысушысы Бекболат Тілеуханды жақтады.

«Десе де, мәселенің екінші жағы да бар: ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті. Спикердің жеке өмірі құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану – бұл ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері. Қалай болғанда да Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің заңды мүддесін, кәсіби құқығын заң аясында қорғауда қашанда дайын.», – дейді Балаева.

Айнұр Қоскинаның өзі Facebook желісінде бүгінгі оқиғаға қатысты полицияға арыз жазып, оқиғаның «Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру» (ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабы) бабымен тергелуін талап етіп отырғанын жазды.  Сондай-ақ ол Тілеуханды қолдайтын адамдардан қоқан-лоққы көргенін айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...