Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Қарағандыда клубтардың бірінде атыс болып, жас жігіт оққа ұшты

Танымал

Ел аузында

3 қаңтарға қараған түні Қарағанды қаласында караоке клубқа келушілер мен мекеме күзетшілері арасында қақтығыс орын алып, нәтижесінде 23 жастағы жігіт оққа ұшты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Караоке клубында болған атыс туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралып кеткен. Куәгерлердің сөзінше, клубта келушілер мен ойын-сауық мекемесінің күзетшілері арасында жанжал шығып, ол төбелес пен атысқа ұласқан. Оқиға 3 қаңтар күні таңғы сағат 02.00 шамасында болған. Жанжал салдарынан 23 жастағы жігіт зардап шекті.

Оқиғаға байланысты Қарағанды қалалық полиция департаменті түсінік берді.

Түнгі клубтан тікелей әскерге: Видеоға қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

«Жанжал Janym Soul караоке клубының келушілері мен күзетшілері арасында орын алған. 23 жастағы қала тұрғыны «санынан оқ тиген» диагнозымен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді полиция.

Сондай-ақ департамент қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталғанын қосып өтті. Қару тәркіленді. Әр азаматтың жасалған қылмыстағы рөлін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауылында қарулы адамдар тойға баса-көктеп кіргені туралы жазылған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...