Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Ел билігі ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтатты

Танымал

Ел аузында

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің мәліметінше, бұған дейін жергілікті телеарналарға лицензиялық бақылау жүргізілген.

Қырғызстан кейбір ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтатты, деп хабарлады turkystan.kz. 

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің мәліметінше, бұған дейін жергілікті телеарналарға лицензиялық бақылау жүргізілген.

Ол «Телевизия және радиохабар тарату туралы» Қырғыз Республикасының заңында белгіленген лицензиялық талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында жасалды.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде жоғарыда аталған Ереженің 31-тармағына сәйкес бұрын ескерту және айыппұл салынған телеарналарда мемлекеттік тіл және өндіріс туралы ережелерді сақтау бойынша заңбұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты аналогтық хабар таратуға және цифрлық хабар тарату пакетіне теле-радиоарнаны орналастыруға, таратуға рұқсат келесі телеарналар үшін тоқтатылды:

«8 канал»,

«РТВ Медиа»,

«НТВ КейДжи» және «Домашний»

«Берілген рұқсаттың күшін жою туралы өтініш негізінде REN TV арнасы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап эфирге шығуын тоқтатады, – делінген Мәдениет министрлігінің хабарламасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қонаевтан Токиоға дейін: қазақстандық хирургтер Жапонияда тағылымдамадан өтеді

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жапониялық жетекші мамандардың қатысуымен оперативтік эндоскопия бойынша халықаралық шеберлік сабағы басталды. Аталған іс-шара қазақстандық медицинаның...