Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Алматыда Magnum дүкендері тоналды

Бұл ақпаратты компанияның PR-маманы Дмитрий Шишкин растады.

Танымал

Ел аузында

Алматыда Magnum дүкендер желісі тоналды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өкінішке қарай, қазіргі уақытқа дейін Төле би даңғылында орналасқан дүкендер бойынша екі мародерлік әрекет анықталды. Біреуі Тастақта, екіншісі Төле би – Шәріпов көшесінің қиылысында. Зардап анықталып жатыр», – деді Шишкин. 

Оның айтуынша, қазіргі ахуалға байланысты қаладағы дүкендер жұмыс істеп тұр, бірақ штаттық режимде емес. 

«Облыстағы қызметкерлер бойынша мәселе туындап тұр, бірақ мүмкіндігінше, қызметкерлер санын көбейтуге тырысамыз, тұрғындар қауіпсіз жағдайда азық-түлік сатып алуын қамтамасыз ету үшін үйлердің жанынан шағын дүкендер ашамыз», – дейді компания өкілі.

Сонымен қатар, Шишкиннің мәліметінше, дүкен сөрелерінен алкоголь өнімдері алынды.   

«ТЖ заңы бойынша алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады», – деді Шишкин. 

Еске салайық, Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер болып жатыр. Бүгінде қалада ТЖ режимі жарияланды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...