Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3.6 C
Nur-Sultan
12.2 C
Almaty
17.4 C
Shymkent

Алматы әуежайы ашылуға дайын – Сағынтаев

Алматы әкімі қала әуежайы қоқыс пен қирандыдан тазартылғанын және жұмысты қайта бастауға толық дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

Аппараттық жиналыс барысында Алматы әкімі қала әуежайындағы барлық жабдық қалпына келтірілгенін және жұмысқа дайын екенін мәлімдеді.

«Оларға жұмыс істеу үшін интернет қажет болған. Сондай-ақ, әуежайдағы кәсіптік нысандар жұмысын бастаған жоқ. Біз лаңкестерге қарсы орталықпен келістік (әуежайды іске қосу бойынша – еск.). Түрксіб ауданын тазарту жұмыстары іс жүзінде аяқталды, жүргізілген шаралардың нәтижесі бар. Кеше кешке терминалдың ішкі бөлігін тазартуға рұқсат берілді. Әуежай басшылығы қоқысты шығарғанын, терминал жұмысқа және рейстерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеді», – деді әкім.

Әкімнің айтуынша, қазір әуе компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жұмысқа рұқсат берілді және күні бойы оны іске қосу бойынша шаралар атқарылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...