Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.3 C
Nur-Sultan
11.5 C
Almaty
11.8 C
Shymkent

Бүгін Президент Мәжіліс отырысына қатысады

Бүгін 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

Президент баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәліметінше, бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады. Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бұған дейін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында 11 қаңтарда Парламентке Үкіметтің жаңа құрамы жөнінде ұсыныс енгізетінін және әлеуметтік-экономикалық саладағы проблемаларды шешу жөнінде нақты міндеттер қоятынын атап өткен.

Сондай-ақ, кадрлық өзгерістер туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтқан болатын.

«Президент Үкіметті отставкаға жіберді. Қазір барлық министр міндетін атқарушы… Президент кім қалып, кім қызметінен кететінін өзі шешеді. Үкімет қайтадан құрылады. Әрине, кадрлық өзгерістер болатыны сөзсіз», – деді ол «Хабар 24» телеарнасының эфирінде.

5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды. Премьер-министрдің міндетін атқару уақытша Әлихан Смайыловқа жүктелді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...