Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Қазақстан енді ешқашан бұрынғыдай болмайды – Нұртас Адамбай

Нұртас Адамбай қайғыл жағдайдан кейін мемлекеттің даму жолында біршама міндеттеме жүктеген президентті қолдады.

Танымал

Ел аузында

Халықты мемлекет басшысын қолдауға, бірігіп ел болуға шақырды. 

“Аллаға шүкір, «Президентіміз керемет» деген сөзді ақыры аузымызға алатын кезді күттік. Алла Тағала Құран Кәрімде «Жақсылық ауыртпалығымен келеді» деп үйретеді. Қазақстан үшін «қиын-қыстау» заман ақыры артта қалды деп ойлаймын. «Инвестиция» уақыты келді! Елбасының бүгінгі сөзі елімізге, халқымызға көмектесуге бел байлағанын көрсетті! Бірақ бұл біз, Қазақстан азаматтары, енді  бос отыруымыз керек және оның жалғыз біз үшін бәрін істеуін күтуіміз керек дегенді білдірмейді! Отанымыздың әл-ауқаты – баршамыздың қамқорлығымыз!” – деді Адамбай.

Актер әрбір қиындықтан соң жақсылық болады деген пікірін айтты. Дәл қазіргі уақытта президентке қарап отырмай, ел болуды ойлау әрқайсымыздың міндетіміз дегенді баса айтты.

“Біз оған, елге, ең соңында, азат Қазақстанды құруға көмектесуіміз керек! Жемқорлықтан, қандасқұмарлықтан, надандықтан, кедейшіліктен, бюджет қаражатын ұрлаудан, мемлекеттік органдардың қарапайым халыққа немқұрайлы қарауынан, әлеуметтік топтардың арасындағы орасан зор алшақтықтан, құқық қорғау және сот органдарының озбырлығынан және басқа да қордаланған көптеген мәселелерден ада болуымыз керек. Біздің елімізде заманауи Қазақстанды бірге құруға қабілетті ақылды, білімді, дарынды, патриоттар жетерлік!”, – деді ол.

Айтуынша, бұған дейін билікке деген сенімсіздік болды дегенді айтты. Алайда ендігі Қазақстан басқаша болады деп сендірді.  

“Еліміздің байлығы, Аллаға шүкір, әлі талай ұрпаққа жетеді! Президент Тоқаев Қазақстанның болашақ құрылысын бастауға қабілетті болады деп ойлаймын! Елімізде және шетелде тұратын барша отандастарымызды Президент Тоқаевтың бағытын қолдауға шақырамын! Соңғы 30 жылда азаматтарымыз билікке сенімсіздік танытуды әдетке айналдырды және бұл өте орынды болды. Біреулер елді жүйелі, мысқылсыз тонаудан пайда тапса, енді біреулері, яғни халықтың негізгі бөлігі үздіксіз әділетсіздік жағдайында өмір сүріп, көптеген әлеуметтік мәселелерді бетпе-бет кездестірді. Бірақ қазір бұл уақыт өтті! Қазақстан енді ешқашан бұрынғыдай болмайды! Мен сенемін! Мен президент Тоқаевқа сенемін! Мен бәрімізге сенемін! Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін анықтаудың қажеті жоқ. Әркім қателесуі мүмкін. Сондықтан ортақ болашағымыз үшін бірігейік! Осы керемет мүмкіндік үшін Аллаға сансыз шүкіршілік етемін!” – деп жазды

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...