Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Ұлттық экономика министрі қазақстандықтардың АҚШ-тағы шоттарын анықтауға уәде берді

Жаңа ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтардың АҚШ-тағы шоттарын анықтауға уәде берді.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы министр Мәжіліс отырысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Министр Халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімге қол жеткізуге үміттенеді. Құжат аясында халық пен барлық қаржы ұйымы АҚШ-тағы шоттар туралы есеп беруге міндеттеледі. Ақпарат беруден бас тартқан жағдайда олардың банк аударымдарынан 30 пайызға дейін ұстап қалады.

Қазақстан осы Келісімге жақын арада қосылады. Депутаттар бұл идеяны мақұлдады.

«Келісімге қосылған қаржы институттары Қазақстанда шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлға туралы ақпаратты анықтауға және әшкерелеуге міндеттеледі. Қазақстанның келісімге қосылуы АҚШ-та шот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлға туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Қуантыров.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...