Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
18.7 C
Shymkent

Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Көлік полициясы қызметкерлері Алматы әуежайында қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша қосымша шаралар қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Танымал

Ел аузында

Әуежайдың полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Соның ішінде іздеу салынған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Авиациялық қауіпсіздік қызметі өкілдерімен бірлесіп, металл іздеу құрылғылары арқылы тексеріс жүргізіліп жатыр. Қазір терминалға кіруге тек ұшатын жолаушыларға рұқсат берілген. Жолаушылар мен олардың жүктері тексеріледі», – деді полиция подполковнигі.

Сондай-ақ, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР көші-қон заңнамасы талаптарын сақтауына бақылау күшейтілгені айтылды.

«Қазір еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсармағанын, керісінше, күн сайын СОVІD-19 жұқтырғандар саны артып отырғанын айтқымыз келеді. Сондықтан азаматтарға әуежай мен басқа да қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын қолдануды сұраймыз», – деді Алматы әуежайындағы желілік Полиция бөлімінің бастығы Талғат Тәліпов.

Полиция қызметкері жолаушылардан құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және оларға көмектесуді сұрады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...