Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Алматыда COVID-19 жұқтыру дерегі көбейгені Жаңа жылға және тәртіпсіздіктерге байланысты ма?

Қаланың бас санитария дәрігері Алматыда омикорон штамына байланысты сырқаттанушылықтың артуы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

Алматыда өткен брифингте қаланың бас санитария дәрігері омикрон штамы анықталған сынамалар науқастардан желтоқсанда алынғанын айтты. Жеті жағдайдың бесеуі жергілікті тұрғындардан, екеуі шетелден келгендерден анықталған. Басқа вирус жұқтырған науқастар да шетелден келушілермен байланыста болуы мүмкін.

«Жаңажылдық мереке кезінде және Алматыда болған оқиғаларға байланысты ПТР-тест саны азайды. Инфекцияны анықтау аз болды. Қазір инфекцияны анықтау үшін зертханаға баратындар жиіледі және жаңа жағдайлар саны көбейе бастады. Бүгінде тәулігіне 6 мыңнан аса зерттеу жүргізіледі, бұл желтоқсандағы зерттеулер деңгейінде. Аурудың көбеюіне жаңажылдық мерекелер немесе Алматыдағы қайғылы оқиғалар әсер етті деп айта алмаймыз. Сонымен қатар, егер қалада омикрон айналымы жалғаса берсе, оның эпидемиялық ерекшелігі дәл осы жоғары жұқпалығында. Мерекелерден және белгілі оқиғалардан кейін халық арасында байланыс көбейген сайын ауру саны біртіндеп артады», – деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Қаланың санитария дәрігерінің айтуынша, халықтың көп жиналуына қойылған шектеулер де осыған байланысты.

Еске салайық, Алматы қаласының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай нашарлауына және омикрон штамының таралуына байланысты жаңа қаулыға қол қойған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...