Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруларды өз еркімен тапсыруға шақырды

Танымал

Ел аузында

Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды тапсыруға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлер қару қоймаларынан, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлаған. Полиция қару-жарақты қайта тапсыруға шақырды. 

«Ұрланған қару мен оқ-дәрілер заңсыз мақсатта пайдаланылуы, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау қылмыстық  және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, әрекеттерінде басқа қылмыстар болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Осыған орай, азаматтарды заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен арнайы техникаларды өз еркімен тапсыруға шақырамыз. Жазатайым оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілерге ешқандай шара қолданбауларыңызды, тасымалдауға әрекет жасамауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі жүргізіліп жатқан жұмыстарда тұрғындардың түсіністігі мен қолдауына сенеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...