Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

№7 аурухана дәрігерлері паразит салдарынан бауырының 75% зақымданған әйелге ота жасады

Танымал

Ел аузында

50 жастағы пациент №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жоспарлы түрде келіп түскен. Паразит салдарынан болатын ауыр дерт – бауыр альвеококкозы диагнозы бойынша оған шұғыл түрде ота жасау туралы шешім қабылданды. Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды.


Клиниканың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, пациент осыдан біраз бұрын оң жақ бүйірі ауырлап, ішінің формасы бұзылып, бұлтиғанын байқаған. Айтуынша, осы уақытқа дейін аурудың басқа белгілері білінбеген. Ультрадыбыстық зерттеуден кейін әйелдің оң жақ қабырғасының астында үлкен ісік пайда болып, бауырдың алға қарай жылжып кеткені белгілі болды.
Мамандар дерегінше, альвеококкоз жұққан күннен бастап 10 жылға дейін ешбір клиникалық белгі бермеуі мүмкін. Өйткені бауырға жабысқан құрт өте баяу өседі.


Альвеококкоз – жалпақ құрт (Echinococcus multilocularis) жұмыртқасының адам ағзасына түсуінен пайда болатын паразитарлық ауру. Құрт ағзаға жуылмаған жеміс-жидек, лас су мен балық, үй жануарлары арқылы түсуі мүмкін. Альвеококкоз салдарынан адамның маңызды органдары, соның ішініде басы мен өкпесі зақымданып, мүгедек болып қалуы мүмкін. Құрт ағзаның кез-келген бөлігінде кездесуі мүмкін, бірақ көбіне ол бауырға жабысады.
Бұл дертті емдеудің бірден-бір тәсілі – бауырдың бір бөлігін кесіп алып тас тау. Оны қан тамыры хирургиясын жақсы білетін тәжірибелі гепатохирургтар ғана жасай алады. Өйткені ота барысында бауырдың зақымданған бөлігін алып қана қоймай, өттің жұмысын реттеу қажет. Сондықтан мұндай күрделі операциялар ірі мультидисциплинарлық, жоғары мамандандырылған, заманауи технологиялармен жабдықталған клиникаларда ғана жасалады.


№7 аурухананың гепатопанкреатобилиарлы хирургия бөлімі дәрігерлері күрделі ота жасап, нәтижесінде салмағы 3,5 келіге жеткен алып альвеококкоз құртын алып тастады. Бауырдың едәуір бөлігінің зақымдануы мен пациенттің В гепатитімен ауыратыны жағдайды қиындата түсті. Хирург мамандар лапаротомия, оң жақ гемигепатэктомия жасап, бауырдың зақымданған 75% бөлігін алып тастауға мәжбүр болды. Он сағатқа созылған отаны профессор Муса Сахипов, көмекшісі Аңсат Таубалдиев, Нүркен Желдібаев, анестизиолог Марат Лекеровтен құралған кәсіби мамандар тобы жасап шықты. Дәрігерлер қан кету қаупінің алдын алып, нәтижесінде қосымша қан құю қажеттігін жойды.
Пациент қазір ауруханадан шығып, қалыпты өмірге оралды.
«№7 аурухана дәрігерлерінің біліктілігі мен шеберлігі алдында басымды иемін. Әсіресе, мені аман алып қалған дәрігерлерге, анестизиологқа, профессор Муса Сахиповқа алғысым шексіз. Алла разы болсын! Ауыр дерттен арылдым. Баршаңызға уақтылы қаралып, денсаулықты күтуге кеңес берер едім», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп екі танысын алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған әйелді анықтады.Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша мектепке жұмысқа...