Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.5 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
21.8 C
Shymkent

«Жасыл даму» утильдік алым мөлшерлемесіне қатысты мәлімдеме жасады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда утильдік алым жинау құқығы «Жасыл даму» мемлекетті компаниясына берілген болатын. Компанияда утильдік алым мөлшерлемесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы мемлекеттік компанияға берілді. «ӨКМ Оператор» ЖШС жекеменшіктен мемлекет меншігіне өтті. «Жасыл даму» АҚ бірінші кезекте мемлекеттік оператор қызметін қайта жандандыру үшін ұйымдастыру және заңдық шараларды қабылдауы керек. Сонымен қатар барлық мөлшерлемелер қайта қарастырылғанша қазіргі утильдік алым өзгеріссіз қалады», – делінген компания мәлімдемесінде. 

Кеше «ӨКМ Оператор» ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражатты басқару аясындағы қызметі тоқтатылған болатын. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функциясын «ЖАсыл даму» АҚ орындайды. 

Айта кетейік, қазақстандық жүргізушілер утильдік алымның 100 мың теңгеден аспауын талап етіп, Президентке петиция жолдаған еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...