Қаңтар қақтығысы: Алматылық кәсіпкерлерге жеңіл несие беріледі

Танымал

Ел аузында

«Silkway», «Пассаж», ЦУМ, «Москва» ғимараттарының жалға алушылары жалға алу төлемінен 6 айға мерзімге босатылады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Сонымен бірге олар коммуналдық төлемнен 3 ай босатылады.

Дүрбелең кезінде зардап шеккен алматылық кәсіпкерлерге «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігі немесе жартылай кепілдігі арқылы 12 ай мерзімге жылдық 2%-бен 10 миллион теңгеге дейін несие беріледі.

«Almaty Finance-та несиесі бар алматылық кәсіпкерлерге негізгі қарызды өтеу бойынша мерзімді шегеру мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар олар айыппұлдар мен өсімпұлдардан 180 күнге босатылады», – деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...